$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.03.2021, 15:55
Жаңалықтар

Оралда жүк пойызы бір адамды қағып кетті

Оның жағдайы бірқалыпты

Оралда жүк пойызы бір адамды қағып кетті
Фото: ашық дереккөзден

Оралда жүк пойызы ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 12 наурыз күні кешкісін локомотив депосының Орал стансасына кіреберіс тұсында болды. Сағат 19.05-те Орал стансасы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүк пойызының адамға соқтығысуына байланысты шұғыл тежеудің қолданылғаны жөнінде хабар келіп түсті. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі, яғни теміржол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 559-бабы 5-бөлігімен, яғни белгіленбеген жерлерде теміржол арқылы өту бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір жағдайы бірқалыпты.

Серіктес жаңалықтары