$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.03.2021, 14:22
Жаңалықтар

Ақтөбе облысында түнде көшеде жүрген 53 бала полиция бөліміне жеткізілді

Облыста «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді

Ақтөбе облысында түнде көшеде жүрген 53 бала полиция бөліміне жеткізілді
Фото: ашық дереккөзден

«Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні полиция бөлімдеріне 53 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, деп хабарлады Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

11-14 наурыз аралығында облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктердің, темекі өнімдерін кәмелетке толмағандарға сату фактілерінің жолын кесу.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді.

Жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні ПБ-ға 53 кәмелетке толмаған бала, оның ішінде 48-і заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін жеткізілді.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 7 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімін сатқаны үшін 3 адам, 21 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатқаны үшін 1 адам, кәмелетке толмағандарды сағат 22.00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесіне кіргізгені үшін 1 жеке кәсіпкер жауапқа тартылды.

ПБ есебіне 15 жасөспірім мен тұрмысы төмен отбасыдан шыққан 13 бала тіркелді.

Серіктес жаңалықтары