Нұр-Сұлтанда карантин талабына бағынбаған екі кафе электр қуатынан ажыратылды

Елорданың барлық ауданында рейд өткізіледі

Нұр-Сұлтанда карантин талабына бағынбаған екі кафе электр қуатынан ажыратылды

Нұр-Сұлтанда мониторингтік топтар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Карантиндік шектеулердің бұзылуын анықтау және болдырмау үшін рейдтер елорданың барлық ауданында өткізіледі. Осылайша 13 наурызға қараған түні мониторинг тобы «BHB» барында жұмыс режимінің бұзылуын анықтады. Түн ортасынан кейін мекемеде 400-ге жуық адам болды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Оқиға орнына сағат 00.19-да келген мониторингтік топ «BHB» барының жұмыс режимі туралы елорданың санитарлық дәрігерінің қаулысының талаптарын бұзып, жұмысын жалғастырып жатқанын анықтады. Сонымен қатар мекемеде бір уақытта әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтамаған 400-ге жуық келуші болды. Жиналған материал кәсіпкерлік субъектісін жауапкершілікке тарту үшін тиісті органдарға берілді.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 287 шұғыл хабарлама келіп түсті. Олардың негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне карантиндік шектеулерді бұзу ісіне қатысты жоспардан тыс 280 тексеру жүргізілді.

Олардың қорытындысы бойынша 60,5 млн теңгеден астам сомаға 261 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық тексеру қызметкерлері мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындамайтын 47 «қасақана бұзушыға» қатысты 54 материал жіберді.

Сот объектілердің қызметін тоқтату туралы 28 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік шаралар қабылдады.

Бүгінгі таңда 13 кәсіпкерлік нысанының қызметі тоқтатылды. Олар: «Тekuila» караоке-бар, «ZOLOTO» мейрамханасы, «Stories» (қазіргі уақытта «Два грузина») лаундж-бары, «Abba» лаундж-бары, «Алания» түнгі клубы, «Echo» лаундж-бары, «Жаным сол» караоке-бары, «Echo» лаундж-бары, «Kango» батут орталығы, «Ginza» ресторан-караоке, «Alanya» ресторан-караоке, «Nirvana» бар, «Лото-клуб».

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.