$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.12.2019, 18:07
Жаңалықтар

«Маған бұл жоба әлі де ұнамайды» - Тоқаев LRT жайлы

Қазақстан Президенті басқа елдердегі LRT секілді жобаларға талдау жүргізгенін айтты

«Маған бұл жоба әлі де ұнамайды» - Тоқаев LRT жайлы
Фото: astana-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Deutsche Welle» журналисі Жанна Немцоваға сұхбат беріп, Нұр-Сұлтан қаласындағы LRT құрылысымен айналысқан қытай компаниясы өкілдері туралы айтты.

«Жобаның жақында аяқталатынына күмән көп, өйткені жобаның ұзындығы 22 шақырым. Станциялардың саны өте көп, шамамен 18. Бірақ оны 11-ге дейін қысқартты. Инвестиция көлемі 1,5 миллиард. Мен басқа елдердегі осындай жобалармен таныстым, біздегі жобаның құны олармен салыстырғанда - шамамен ортасы, одан қымбатқа түскені де, арзанға түскені де кездеседі. Маған бұл (LRT – авт.) әлі күнге дейін ұнамайды. Үкіметке тағы да талдау жасауды тапсырдым», - дейді Тоқаев журналистің LRT туралы сұрағына жауап беріп.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев LRT құрылысы жайлы жағдайдан Қытай тарапы да хабардар екенін айтты.

«Әрине, олар біледі. Білуімше, Қытай тарапынан осы жобаға қатысқандарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Менің ойымша, қазір олар жазасын өтеуде. Жемқорлық тұрғысынан зерттеу қажет. Менің тапсырмам бойынша Қазақстандағы тиісті агенттік тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Іс жүзінде қарыздан құтылдық, енді төлейтін аздаған сома бар. Бұл жобаға қатысты әлі ойланамыз. Ол мемлекет бюджетіне салмақ салмай, халықтың игілігіне жарауы керек», - дейді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары