$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.03.2021, 01:19
Жаңалықтар

Павлодарда қайтыс болған әйелдің банкте мұрасы қалғанын туыстары білмеген

Банктегі қаржыға әйелдің 7 және 5 жастағы екі баласы мұрагер болмақ

Павлодарда қайтыс болған әйелдің банкте мұрасы қалғанын туыстары білмеген
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысы Тереңкөл ауданының прокуратурасы жас балалардың ақшалай қаражатты мұраға алу құқығын ресімдеуге көмектесті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«2016 жылы қайтыс болған әйел адамның банктердің біріндегі шотында 1,3 млн теңге мөлшерінде ақшалай қаражаты қалғаны анықталды. Туыстары ақшаның бар екенін білмеген, алайда мұра бойынша ақша осы уақытқа дейін рәсімделмеген. Бірінші кезекте оның 7 және 5 жастағы кәмелетке толмаған екі баласы мұрагерлері болып есептеледі», - дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде.

Марқұм балалардың әкесімен некеге тіркелмеген, сондықтан оның мұрагерлік құқығы жоқ.

Жергілікті атқарушы органға енгізілген прокурорлық қадағалау актісімен ақшалай қаражат балаларға мұра ретінде берілді. 

Серіктес жаңалықтары