Ауа райы: Қазақстанның 11 облысында ескерту жарияланды

Республиканың кей аумағында 28-30 градусқа дейін күн суытып, аяз болады

Ауа райы: Қазақстанның 11 облысында ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Атап айтқанда, Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.

13-14 наурызда Жамбыл және Түркістан облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 13-15 наурызда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 13, 14 наурызда екпіні 23-28 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

13 наурызда Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеп, аяз болады.

13-14 наурызда Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, жел екпіні 28 м/с жетеді және ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеп, аяз болады. 

13 наурызда Қостанай және Ақтөбе облыстарында ауа температурасы 10-15 градусқа дейін, кей жерлерде 18-25 градусқа дейін суытады. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.