ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны азайып келеді

Қазақстандық егіз спортшы бір күнде үйленді

Ғұмар мен Ғұсман Қырғызбаевтар – дзюдо мен қазақ күресінің балуандары

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда егіз спортшылар – Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевтар отбасын құрды. Егіз спортшының тойы бір күнде өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ғұмар мен Ғұсман Қырғызбаевтар – дзюдо мен қазақ күресінің балуандары.

Ғұсман Қырғызбаев – дзюдодан ұлттық құрама үздігі. Ол жақында ғана Тель-Авивтегі «Үлкен Дулыға» турнирінде қола жүлдені иеленген болатын. Сонымен бірге ол халықаралық дзюдо федерациясының рейтингінде үздік он спортшның қатарында тұр.

Ғұмар Қырғызбаев – Еуропа кубогының қола жүлдегері. Ғұсман мен Ғұмардың қалыңдықтарының есімі Жансая, Қасиет.

Үйлену тойында қазақстандық спортшылар қонақ болды. Тойда қуанышты бөліскен жұрт қызықты сәттердің естелігін желіге жүктеді. Олар жас жұбайларды құттықтап, ақ тілегін арнап жатыр.