«Қорғаста» ірі көлемдегі құндыз тондар тәркіленді
«Қорғас» халықаралық сауда орталығында жолаушылар декларациясында көрсетілмеген 61 дана құндыз тон тәркіленді
«Қорғас» ШЫХО Бақылау өткізу пунктінде аса ірі көлемдегі бағалы құндыз тондар тәркіленді, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Кеше 17 сағат 30 минут шамасында «Қорғас» халықаралық сауда орталығында Кеден және шекара қызметкерлері бірлесе отырып, жолаушылар декларациясында көрсетілмеген 61 дана құндыз тонды тәркіледі. Бағалы тондардың жалпы салмағы 107 келі. Ал кедендік құны 12 млн 140 мың теңгені құрады. Сонымен қатар төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың мөлшері 2 млн 900 мың теңгені құрап отыр.
Қазіргі уақытта осы іске қатысы бар адамдарды тиісті заң талаптары бойынша жауапкершілікке тарту және кедендік төлемдерді өндіру мәселесі қарастырылып жатыр.