ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан қайтыс болғандардың саны жарияланды

Алматыда әйелдер құқығын қолдау мақсатында митинг өтті

Шеруге жүзден астам адам қатысты

8 қаңтар күні Алматыда әйелдер құқығын қолдау мақсатында митинг өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қатысушылар Махатма Ганди саябағына жиналып, Шоқан Уәлиханов алаңына дейін жаяу жүріп өтті. Шеруге жүзден астам адам қатысты. Олар қолдарына отбасылық зорлық-зомбылыққа, қудалауға және ерлермен тең емес жалақыға орай жазылған плакаттар ұстады.

«Біз қоғамымыздың әйелдерге деген көзқарасын өзгертуді қолдаймыз», - деді белсенділер.

Жергілікті билік келісім берген шеру митингімен аяқталды.

Полиция шерудің бүкіл бағыты бойынша тәртіпті қамтамасыз етті. Жақын жерде жедел жәрдем көлігі кезекшілік етті. Ал қатысушыларға антисептикалық құралдар берілді және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырылды.