09.03.2021, 00:55
Жаңалықтар
Қостанайда бірінші ауысымда оқитын оқушылардың сабағы тоқтатылады
Ауа райының қолайсыздығы байланысты оқушылар қашықтан білім алады
Фото: 24.kz
9 наурыз күні қостанайлық мектептердің бірінші ауысымында оқитын оқушылар қашықтан оқу режиміне ауысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy аймақтық «Алау» басылымына сілтеме жасап.
Мектеп оқушылары мен олардың ата-анасына арналған бұл ақпаратты Қостанай қалалық білім бөлімі жариялады.
«Ауа райының қолайсыздығы мен қатты жел соғуына байланысты 9 наурыз күні бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқу режиміне ауысады», - делінген хабарламада.
Синоптиктер дерегінше, Қостанай облысында сейсенбі күні жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Өңірде түнде ауа температурасы -3, күндіз -5 градус болады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды