$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.03.2021, 22:34
Жаңалықтар

Еліміздің 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Республиканың 8 өңірінде көктайғақ болып, тұман түседі

Еліміздің 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан жел кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. 

Серіктес жаңалықтары