COVID-19: Түркістан облысында 1300-ден астам медқызметкер екпе қабылдады

Вакцинаның екінші компонентін 25 наурыз күні қабылдайды

 
COVID-19: Түркістан облысында 1300-ден астам медқызметкер екпе қабылдады

Түркістан облысында 1 300 астам медицина қызметкері коронавирусқа қарсы екпе қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап

Биылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда халықты ерікті түрде кезең-кезеңмен КВИ-ге қарсы екпемен қамту науқаны басталған болатын. Екпе егу жұмыстары бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарында жүргізілген.

«Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 22 қызметкері қалалық емханада коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын қабылдаған болатын.

Қазіргі таңда екпе алғандар мамандар жағдайлары бірқалыпты, ешқандай шағымдары жоқ. Вакцинаның екінші компонентін 25 наурыз күні қабылдайды», - делінген хабарламада.

Жалпы, Түркістан облысында 1 300 астам медицина қызметкері екпе қабылдаған. Наурыз айында КВИ-ға қарсы екпемен мұғалімдер мен күш құрылымдарының қызметкерлерін қамту жоспарланып отыр. Осыған орай, облысқа Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасының 8 600 дозасы жеткізілген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.