$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.03.2021, 03:50
Жаңалықтар

Головкиннің мексикалық нокаутшымен кездесуі өтпейтін болды

Жоспар бойынша кездесу 7 мамырда өтуі керек еді

Головкиннің мексикалық нокаутшымен кездесуі өтпейтін болды
Фото: ашық дереккөзден

ESPN тілшісі Сальвадор Родригес мексикалық боксшы Хайме Мунгияның (36-0, 29 КО) мүддесін қорғайтын Zanfer Promotions компаниясымен хабарласты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоспар бойынша Мунгия 7 мамырда кезекті кездесуін Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) қарсы өткізуі қажет болатын. Алайда соңғы ақпараттар бойынша Хайменің 24 сәуір күні өнер көрсететіні белгілі болды. Бұл дегеніңіз мексикалық боксшы Головкинмен бұл жол кездеспейді деген сөз. Мунгияның жекпе-жегі туралы егжей-тегжейлі мәліметтер алдағы аптада жарияланбақ.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Мунгия 2018 жылы-ақ кездесуі мүмкін еді. Ол кезде Невада штатының комиссиясы 24 жастағы боксшының мұндай дәрежедегі жарыста өнер көрсетуі үшін тәжірибесі жеткіліксіз деп тапты.

Серіктес жаңалықтары