Ақмола және Қостанай облыстарында жол жабылды
Жолдың көрінуі қиындауына байланысты қозғалыс шектелді

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Ақмола облысында 7 наурыз күні сағат 20:30-да қар жауып, бұрқасындатып, жолдың көрінуі қиындауына байланысты «Щучинск-Зеренді» автожолының 0-80 шақырымы, атап айтқанда Щучинск қаласы мен Зеренді ауылының аралығындағы жол бөлігі барлық көліктер үшін жабылды. Сондай-ақ сағат 21:30-да «Қостанай-Әулиекөл-Сұраған» автожолының 232-260 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы мен Сұраған ауылының аралығы, «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 440-552 шақырымы, Державинск қаласы мен Сұраған ауылының аралығында, «Жақсы-Есіл-Бұзлық» атожолының 70-82 шақырымы, Аксай-Бұзлық ауылдарының аралығында жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды.
Қостанай облысына 7 наурыз күні сағат 21:45-те жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғуына байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сұрган» автожолының 108-232 шақырымы, Әулиекөл ауылы мен Ақмола облысының шекарасы арасындағы жол бөлігімен жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынды.