$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.03.2021, 00:47
Жаңалықтар

8 наурыз күнгі ауа райы болжамы

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

8 наурыз күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

8 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады. Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Республиканың солтүстік, солтүстік-батысында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, түнде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Павлодар облысының бірқатар аймағында тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады, түнде жел кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысында екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Түркістан облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады.

Атырау облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары