ШұғылКоронавирус және пневмония: өткен тәулікте 102 адам көз жұмды

Шымкентте санитарлық талаптарды бұзғандарға 52 млн теңге айыппұл салынды

1 қаңтардан бастап 251 рейдтік тексеру жүргізілді

Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мониторингтік топтарменен 251 рейдтік тексерулер жүргізіліп, 6 675 объекті мониторингпен қамтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеу режимінің сақталмауы, топтық іс-шаралардың өткізілуі, бетперде кию режимінің сақталмауы, рұқсат етілген келушілер санының сақталмауы жиі кездесуде. 

Мониторинг топпен анықталған бұзушылықтар бойынша 886 жауапты тұлғаға хаттама толтырылып, 52,6 млн теңгеден астам соммаға айыппұл салынды. 

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында көрсетілген талаптардың орындалуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде