04.03.2021, 12:38
Жаңалықтар
Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы перзентін дүниеге әкелді
Жыл басынан бері қалада 4892 сәби өмірге келген
Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы перзентін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Otyrar.kz- ке сілтеме жасап.
Шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелген Айжан Пайшанованың бұған дейін 6 ұл, 3 қызы болған. Дәрігерлердің айтуынша, бала мен ананың қазіргі жағдайы жақсы.
«Нұрсәттегі перзентханаға алғысым шексіз. Сіздерге, бәріңізге рақмет айтам. Барлық жағдай жасалған. Дәрігерлер балама да, өзіме де жақсы қарап жүр», - деді көпбалалы ана Айжан Пайшанова.
Денсаулық сақтау басқармасындағылар Шымкентте демографиялық өсімнің жақсарып келе жатқанын айтады. Жыл басынан бері қалада 4892 сәби дүниеге келген. Жылдың алғашқы екі айында өмірге келген сәбилердің басым бөлігі ұл балалар екен.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды