04.03.2021, 12:19
Жаңалықтар
Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы аталды – БАҚ
Елеусінов рингке сәуір-мамыр айларында оралады
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды және ықтимал қарсыласы да аталды.
Олимпиада чемпионының ісін жүргізетін Matchroom Boxing компаниясының басшысы Эдди Хирннің айтуынша, Елеусінов рингке сәуір-мамыр айларында оралады.
The Ring таратқан ақпаратқа сәйкес, қазақ боксшының келесі қарсыласы Давид Аванесян (27-3-1, 15 КО) болуы мүмкін. Ақпан айында ресейлік Лондонда британиялық Джош Келлиді (10-1-1, 6 КО) нокаутқа түсіріп, сенсация жасаған.
Елеусінов болса кейінгі жекпе-жегін қарашада өткізіп, екінші раундта намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 13 КО) нокаутқа түсіріп, жартылай орта салмақта IBF Inter-Continental титулын жеңіп алған.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды