$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.03.2021, 14:19
Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге банк шоттарынан кез келген соманы шешуге шектеу қойылды

Қолма-қол ақша белгіленген шекті мөлшерден асқан жағдайда кәсіпкерлер банкке бірқатар құжаттарды өткізеді

Кәсіпкерлерге банк шоттарынан кез келген соманы шешуге шектеу қойылды
Фото: ашық дереккөзден

Кәсіпкерлердің банк шоттарынан  қолма-қол ақша алуына шектеулер енгізілді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпкерлік субъектілері 1 ай ішінде банк шоттарынан қолма-қол алатын сомасының мынадай шекті мөлшері бекітілді:

  • 20 000 000 (жиырма миллион) теңге – шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін;
  • 120 000 000 (бір жүз жиырма миллион) теңге – орта кәсіпкерлік субъектілері үшін;
  • 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге – ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін.

«Бұл талап микро кәсіпкерлік субъектілеріне; ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімін, акваөсіру (балық аулау) өнімін сатып алуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне; бірлескен қаулы мен бұйрыққа қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлері бар тамақ өнімдерімен, сусындармен, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарлармен бөлшек сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты», - делінген хабарламада.

Көрсетілген қағидаларда қолма-қол ақшаны алудың белгіленген шекті мөлшерінен асқан жағдайда, кәсіпкерлер банкке бірқатар құжаттарды өткізуге тиіс.

«Кәсіпкер банкке қолма-қол ақшаны алуды растайтын құжатын, мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтер мен құжаттарды жіберу жөніндегі келісімін өткізуі керек», - деп жазылған.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары