$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.03.2021, 00:29
Жаңалықтар

Шымкентте қос азаматтығы бар шенеунік жұмыстан шығарылды

Ол 2005 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын алған

Шымкентте қос азаматтығы бар шенеунік жұмыстан шығарылды
Фото: ашық дереккөзден

Шымкенте қос елдің азаматтығымен жүрген шенеунік жұмыстан шығарылды. Олег Почиваловты жұмыстан босату туралы шаһар әкімі Мұрат Әйтеновтің өкімі 25 ақпан күні шыққан. Ресми құжатты баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Владимирович Почивалов шет мемлекет азаматтығының болуына байланысты 2021 жылдың 25-ші ақпанынан бастап жұмыстан босатылсын», - деп жазылған ақпаратта.

Еске салайық, шымкенттік шенеуніктің, сотқа берген талап арызы бұған дейін қанағаттандырылмап еді. Лауазымды тұлға, ол кезде : қос елдің азаматтығы бар деген ақпарат таратқан полицияның әрекетін, заңсыз деп тануды сұраған болатын. Алайда арызды қараған Әл-Фараби аудандық сотының судьясы, Олег Почиваловтың Ресей Федерациясының азаматы екенін дәлелдеген еді. Соттың дерегінше басқарма басшысы Почивалов 2005 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын алып, 2007 жылы паспорт иемденген.

Серіктес жаңалықтары