$ 538.33  626.99  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.03.2021, 23:58
Жаңалықтар

Петропавлда дәмханадағы жарылыстан зардап шеккен бойжеткен қайтыс болды

Қалада бірінші қабаттағы кафеде газ баллоны жарылған еді

Петропавлда дәмханадағы жарылыстан зардап шеккен бойжеткен қайтыс болды
Фото: баспасөз қызметінен

Петропавлда жатақханадағы жарылыстан зардап шеккен бойжеткен қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

«21 жастағы қыз қайтыс болды. Ақ халаттылар қызды құтқарып қалу үшін реанимацияда 1 аптадан аса уақыт күрескен. Алайда қыз ауруханаға ауыр халде түскендіктен арашалап қалу мүмкін болмады. Қыз кеше кешке қайтыс болды. Денесінің 65 пайызын күйік шалған болатын. Қазір реанимацияда ТЖ кезінде зардап шеккендерден ешкім жоқ. Екеуі облыстық ауруханада, үшеуі көпбейінді қалалық ауруханада. Барлығы бес пациент медициналық мекемелерде ем алып жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, ақпанның соңында Петропавлдағы жатақхана ғимаратында өрт шыққан болатын. ТЖД алдын ала тексеріс нәтижесінде бірінші қабаттағы кафеде газ баллоны жарылған деген болжамға келді. Екі адам қаза болды, үшеуі реанимацияда жатқан. Жалпы тұрғын үйден 120 адам эвакуацияланды.

Серіктес жаңалықтары