Маңғыстау облысында жыл басынан бері 24 адам газдан уланды
Екі адам ақаулы пештен шыққан түтінге тұншығып көз жұмды

Маңғыстау облысында қаңтар-ақпан айларында 24 адам газдан уланған. Өкінішке қарай, екі адам ақаулы пештен шыққан түтінге тұншығып көз жұмды. Ал ел бойынша бүгінге дейін осындай жағдайдан 40 адам бақилық болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша 77 мың тұрғын үйді тексеруге рұқсат бермеген. «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының мамандары қарсылыққа қарамастан, жер үйлердегі жылу қазандықтарын тексеріп қайтты.
«Рекон-Ақтау» және Мұнайлыға қарасты ауылдарда «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесі қызметкерлеріне есік ашқан тұрғын аз болды. Иесі қарауға рұқсат берген жер үйлерде жылу қазандықтары мұқият тексерілді. Жылыту құбырының бөлмеге өткізілген жерінің дұрыс бітелмеуі, қазандықтың терезесіз жабық бөлмеде орнатылуы, ішіне тез жанғыш заттардың бей-берекет жиналуы секілді кемшіліктер табылды.