ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Павлодар облысында тұрғындар сапасыз суға ақы төлеуден бас тартты

Олар судың сапасы мен бағасы сәйкес келмейді дейді

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында тұрғындар сапасыз суға ақы төлеуден бас тартты. Өйткені, олар судың сапасы мен бағасы сәйкес келмейді дейді. Айтуларынша, Малайсары ауылындағы орталықтан таратылатын су, ішуге жарамсыз. Сондықтан, ауыл халқы суды тасып ішіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Май ауданына қарасты Малайсары ауылының тұрғыны Бекболат Докеев, тіршілік нәрін тасып ішуге мәжбүр. Өйткені, үйдегі су тұз татиды. Ал тұзды судың бағасы ауылдықтар үшін тым қымбат деп отыр.

«Судың бағасы қымбат. 294 теңге. Ол бекітілген тариф. Өте қымбат. Мысалға алсақ, Ақсу қаласында 100 теңгеден артық, бізде 300 теңге. Енді білмеймін халық, ел қалай күн көретінін. Ішуге су жараса, ауыл халқы модульге флягы сүйреп қыс бойы жүрер ме еді. Біздің ауылдың әкімінің өзі модульден су ішеді», - дейді ол. 

Ал аудан әкімі Марат Ақтаев болса, тұрғындардың уәжін негізсіз деді. Ол орталық су құбырынан келетін тіршілік көзі ішуге жарамды екенін айтады. Осыдан 1 ай бұрын жасалған сараптама қорытындысын да судың талапқа сай екені жазылған. 

«Біз ол жерге қайтадан шығып, тексеріс анализдерін жасауға алып, ол жерге қоғамдық кеңес депутаттарды белсенді зиялы қауымды тартып қарастырамыз қайтадан. 600 теңге сұраған. жанағы тарифті сұраған кезде антимонополия. Бірақта, халықтың жағдайын ескеріп, осы тарифке келді. Бұл өте қолайлы деп ойлаймын», - дейді ауыл әкімі.