Он айда Оңтүстік Кореядан Қазақстанға ақша аударымы 23% өскен
Бұл уақытта Қазақстаннан Өзбекстанға шығарылған қаржы көлемі көбейіпті

Соңғы он айда шетелге аударылған ақша көлемі 8 % артса, керісінше Қазақстанға келетін қаражат 1% кеміген деп хабарлайды, Finprom.kz
Қаңтар-қазан айларында халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы қазақстандықтар шетелге 540,4 млрд теңге жіберген. Бұл уақытта бізге жеткен қаржы көлемі 290,2 млрд-ты құрады. Шетел асқан ақшаның жартысынан көбі Ресей мен Өзбекстанға тиесілі. Мәселен, Ресейге 171,9 млрд кетсе, Өзбекстанға 119.6 млрд аударылған. Бұл жыл бойына күнгейге кеткен қаржы көлемі 24 % өскенін көрсетеді.
Ақшаның едәуір бөлігі Түркияға да аударылған (75,5 млрд тг). Қырғызстан (70,5 млрд тг).
Аталған төрт елге шығарылған ақша барлық аударымдардың 81% құрайды.
Ал, Қазақстанға сырттан келетін ақша көлеміне келсек, Ресей бірінші орында (112,5 млрд тг). Оңтүстік Корея : 54,5 млрд-пен екінші орында. Биыл өсім - на 22,7% құрады. Үшінші, төртінші орында Өзбекстан (25,4 млрд тг) мен Қырғызстан (24 млрд тг). Түркиядан 7,4 млрд тг аударылған.