ШұғылВакциналацияланғанын растайтын паспорттың кімдерге берілетіні айтылды

27 ақпанда Қазақстанға 473 адам ПТР-анықтамасыз келді

27 ақпанда Қазақстанға 23 халықаралық әуе рейсі келді

Фото: ашық дереккөзден

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 27 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

2021 жылғы 27 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді.

2 908 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 435 адам, анықтамасыз 473 ҚР азаматтары келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сонымен қатар комитет 2021 жылдың 26 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметті ұсынды.

Анықтамасыз келген барлық 339 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.