Еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жарияланды
Кей өңірлерде қар жауып, 25 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
Синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында 25 градустық қатты аяз сақталады.
25 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде 25 ақпанда облыстың солтүстігінде 25 градус қатты аяз болуы мүмкін. Шымкент қаласында кей уақытта жаяу бұрқасын, батыстан, солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі болуы ықтимал. Түркістан қаласында кей уақытта жаяу бұрқасын, батыстан, солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі болады.
25 ақпанда түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын болуы мүмкін. 25 ақпанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қызылорда қаласында түнде бұрқасын болып, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
25 ақпанда Павлодар облысында кей жерлерінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей уақытта екпіні 15-20, кей жерлерінде 25 м/с жетеді. Павлодар қаласында бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей уақытта екпіні 15-20 м/с жетеді.
25 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Жел батыстан соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді. Қарағанды қадласында жел батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
25 акпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 25 ақпанда жаяу бұрқасын соғады. Солтүстіңк-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
25 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.