$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.02.2021, 13:25
Жаңалықтар

Шағын кәсіп субъектілеріне тиісті деңгейде тексеріс жүргізу қажет - Мәжіліс депутаты

«Атыраустройпроект» ЖШС жұмысшыларына бес ай бойы жалақы төленбеген

Шағын кәсіп субъектілеріне тиісті деңгейде тексеріс жүргізу қажет - Мәжіліс депутаты
Фото: ашық дереккөзден

Жұмысшылардың жалақысын төлемеген шағын кәсіп субъектілеріне тексеріс жүргізілмейді. Салдарынан мәселенің анық-қанығын білу мүмкін емес. Бұл туралы депутат Нәзилә Раззақ мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді. 

«Атыраустройпроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларына бес ай бойы жалақы төленбеген. Осыған байланысты ұжымдық шағымға Атырау облысының еңбек инспекциясы қолданыстағы мораторийге байланысты тиісті тексеру жүргізудің мүмкін еместігін айтқан. Қызылорда облысында да дәл осындай жағдай. Аталған облыстың еңбек инспекциясы “Бади-Нұр KZ” мекемесінде жұмыс істейтін жиырмадан астам азаматтың ұжымдық өтініші бойынша тексеру жүргізуден бас тартқан. Оларға 4 ай жалақы төленбеген. Алайда, Жарлыққа сәйкес, халықтың өмірі мен денсаулығына, заңдылықтар мен қоғамдық тәртіпке қауіп төндіруі мүмкін жағдайлардың алдын алуға немесе жоюға бағытталған тексерулер жүргізуге болады. Ол орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының шешімі негізінде қолға алынады», - деді спикер.

Белгілі болғандай мұндай тексерістер осы уақытқа дейін тек үш жерде ғана, Нұр-Сұлтан қаласында, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізілген екен. Халық қалаулысы Үкімет басшысына жолдаған сауалында жұмысшылардың шағымын ескеруді талап етті.

«Егер жалақы төленбеу фактілері бойынша, арнайы тексерулер болмаса, Министрлік қабылдаған шаралар тек қағаз жүзінде қалады. Бұл тікелей жергілікті әкімдердің жұмысына байланысты. Сондықтан, ең алдымен, Еңбек ұжымдарында  әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңыздылығын және жұмыскерлердің еліміздің Конституциясы мен заңдарында кепілдік берілген еңбек құқықтарын сақтау бойынша нақты шаралар қабылдаудың қажеттігін ескеруіміз керек. Осыған орай, Үкіметтен барлық әкімдердің Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтарының бұзылуына қатысты шағымдарын тексеру жөніндегі жедел жұмысты қамтамасыз етуді талап етеміз», - деді Нәзилә Риззақ. 

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары