$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.02.2021, 10:12
Жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық су басу қаупі бар аймақта қалып отыр – ТЖМ

Қауіпті аймақта қалған тұрғындарды су тасқынынан қорғау үшін 2023 жылға дейінгі Жол картасы бекітілді

270 мыңнан астам қазақстандық су басу қаупі бар аймақта қалып отыр – ТЖМ
Фото: ашық дереккөзден

Су басу қаупі бар аймақта ел бойынша 276 елдімекен қалып отыр, бұл 270 мыңнан астам адам. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қауіпті аймақта қалған тұрғындарды су тасқынынан қорғау үшін 2023 жылға дейінгі жаңа Жол картасы бекітілді. Оны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден 160 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр», - деді Юрий Ильин.

Министрдің айтуынша, алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында өңірлік деңгейде жанар-жағармай, инертті материалдар мен қаптар қоры қалыптастырылған.

Министр шұғыл шығындарға төтенше резервтер қарастырылғанын айтты. Алдын ала есептеулер бойынша, шамамен 38 млрд теңге жұмсалды.

«38 мыңнан астам адам, шамамен 13 мың бірлік техника, 500-ден астам жүзу және 2 500-ден астам су айдау құралдары айқындалды. Елдімекендерді қардан тазалау жалғасуда. 13 млн текше метрден астам қар шығарылды», - деп атап өтті ТЖМ басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Юрий Ильин #ТЖМ