$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.02.2021, 21:29
Жаңалықтар

Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сонымен қатар синоптиктер Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында да ескерту жариялады

Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

18 ақпанда Ақтөбе облысында қалың қар жауады.Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жаңбыр, 20 ақпанда түнде таулы аймақтарда қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Шымкент қаласында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 18 ақпанда күндіз, 19 ақпанда тәулік бойы күші 15-20 м/с, 19 ақпанда күндіз екпіні 25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты (жаңбыр, кар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Ақмола облысының жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 19 ақпанда қар жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 18-20 ақпанда кей жерлерде тұман, 20 ақпанда кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, кей жерлерде көктайғақ күтіледі. 18-20 ақпанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші 17-22, екпіні 27 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 18-19 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Ауа температурасының 1-3 градус жылыдан 15-17 градус аязға дейін күрт төмендейді және одан ары төмендеуі күтіледі.

Қызылорда облысында ауа температурасының 12-17, солтүстікте 5, оңтүстікте 20 градус жылыдан 2-7, кей жерлерде 10 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Атырау облысының көп бөлігінде қар. Кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде көп бөлігінде, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары