Зейнетақы жинағын ем-домға пайдалану ережесі қоғам талқысына ұсынылды
Тиісті құжат Нормативті-құқықтық актілер ашық порталында жарияланды
Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемін ем-домға пайдалану Ережесі қоғам талқылауына ұсынылды. Тиісті құжат Нормативті-құқықтық актілер ашық порталына орналастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, «Біржолғы зейнетақы төлемін ем-шараға пайдалану ережесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы ресми түрде жақын уақытта жарияланатын болады.
Айта кету керек, Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану Қазақстан Республикасының азаматтарына кепілдендірілген тегін медициналық көмек және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қарастырылмаған медициналық қызметтерді қосымша алуға мүмкіндік береді.