17.02.2021, 18:14
Жаңалықтар
Билл Гейтс әлемді құтқару үшін синтетикалық сиыр етін жеуге шақырды
Ол адамдарды табиғи еттен бас тартуға шақырды
Фото ашық дереккөзден
Әлемдегі ең дәулетті адамдардың бірі, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс адамзатты аштықтан құтқарудың бір жолын атады деп жазады РИА Новости.
Ол адамдарды табиғи еттен бас тартуға шақырды.
«Менің ойымша, ауқатты мемлекеттер 100 пайыз синтетикалық сиыр етіне көшуі керек. Адамдар еттің жаңа дәміне үйренуі керек, ал өндірушілер ол дәмді уақыт өте жақсартады деп ойлаймын», - деді ол.
Гейтстің пайымдауынша, мал шаруашылығы өндірісінде метанның ауаға бөлінуін азайту үшін адамдар өсімдік ақуызына көшуі керек.
Еске салайық, бұған дейін Гейтс адамзатқа төніп тұрған екі үлкен қауіп туралы ескертті. Олар – климаттың өзгеруі және биотерроризм.
Көп оқылған
17.05.2026, 07:29
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
17.05.2026, 08:31
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
17.05.2026, 06:38
Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ерекше «Музей түні» өтеді
17.05.2026, 11:10
Алматы тауларында жағдайы күрт нашарлаған жасөспірім құтқарылды
17.05.2026, 10:33
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды