ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Көлсай көлдерінде қоңыр аю фототұзаққа түсті

Аюдың бұл түрі Қазақстаннның «Қызыл кітабына» енгізілген

скриншот: видео

Экология министрлінінің ресми өкілі Самал Ибраева Көлсай көлдері ұлттық паркіндегі фототұзаққа түскен Тянь-Шань қоңыр аюының видеосын жариялады. Еске салсақ, аюдың бұл түрі Қазақстаннның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Ашық дереккөзден:

Тянь-Шань қоңыр аюы негізінен құрлықта тіршілік етеді, суда жақсы жүзеді, ағашқа да өрмелей алады. Саны жылдан-жылға азаюда. Балтық бойы елдерінде оларды аулауға тыйым салынған. Қолға тез үйреніп, цирктерде түрлі ойындар көрсетуге пайдаланылады. Дүние жүзінің көптеген елдерінде зоологиялық парктерде ұсталып, жақсы көбейеді. Қазақстанда Алматы хайуанаттар паркінде Тянь-Шань қоңыр аюының 3 басы бар. Ақсу-Жабағылы, Алматы қорықтарында, Лепсі, Тоқты қорықшаларында қорғалады. Саны өте аз, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.