ШұғылӨткен тәулікте елімізде 753 адамнан коронавирус анықталды

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің бухгалтері Черногориядан экстрадицияланды

Күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан азаматшасы Елена Антонцеваны Черногориядан экстрадициялады.

«Елена Антонцеваға «ОLIMP KZ» букмекерлік кеңсесі» ЖШС бухгалтер болып жұмыс істеп жүріп, ұйымдасқан топтың құрамында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіріп, ойын бизнесі саласында заңсыз қызметті жүзеге асырды деген күдік келтірілді», - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазір ол Алматы қаласының тергеу изоляторында.

Еске сала кетейік, Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі «Олимп» букмекерлік кеңсесінің мүлкі тәркіленгенін хабарлады