17.02.2021, 12:37
Жаңалықтар
Ресми түрде жабылған қазақстандық банктің экс-төрағасы ұсталды
16 ақпанда Tengri Bank ресми түрде жабылды
Қаржылық мониторинг агенттігіндегілер Tengri Bank-тің бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкеновтің ұсталғанын растады.
«16 ақпанда Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде Tengri Bank-тің бұрынғы төрағасы Е.Б. Шайкеновті ұстады. Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады.
Еске сала кетейік, 2020 жылдың желтоқсанында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Tengri Bank-ті лицензиясынан айырды.
2020 жылдың 2 ақпанында Қаржылық мониторинг агенттігі Tengri Bank акционерлік қоғамының басшылығында болған екі адамға іздеу жариялады.
2020 жылдың 16 ақпанында Tengri Bank ресми түрде жабылды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
