БҚО-да республикалық маңыздағы автожолдар жағдайы көңіл көншітпейді
Көктайғақ жолда жандарын шүберекке түйіп жүрген жүргізушілер жауапты мекемелерге базынасын айтады
Батыс Қазақстан облысында республикалық маңыздағы автожолдар жағдайы көңіл көншітпейді, деп хабарлайды «Хабар 24»
. Себебі қысқы күтіп ұстау жұмыстары талапқа сай жүргізілмейді. Көктайғақ жолда жандарын шүберекке түйіп жүрген жүргізушілер жауапты мекемелерге базынасын айтады. Өңірдегі жол сапасы сала мамандарын да алаңдатады.
«Қазіргі таңда біз «Самара – Шымкент» трассасында мониторинг жүргізудеміз. Мониторинг барысында нақты жұмыстар атқарылмағанын байқауымызға болады. Жолда құм аралас тұз төселуі керек. Сол кейбір жолдарда болса, кейбір жолдарда жоқ екенін байқадық», - дейді «Сапалы жол – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшесі Саура Қатиева.