Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға 4 млн теңге айыппұл салынған

2021 жылдың басынан бері басқармаға 61 шұғыл хабарлама келіп түскен

Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға 4 млн теңге айыппұл салынған
Фото: ашық дереккөзден

2021 жылдың басынан бері карантин режимдерін бұзғандар бойынша Шымкент қаласының аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына 61 шұғыл хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Шұғыл хабарламалар бойынша әрбір нысанға тексеру жүргізіліп, жалпы соммасы 4 169 900 теңгені құраған 56 айыппұл салынған. 

Сонымен қатар, карантиндік режимді бірнеше рет қасақана бұзған қоғамдық тамақтану және көңіл көтеру орындары анықталған:

- «Фазенда кафесі – 3 рет,

 - «Чеховъ PUB» кафесі – 2 рет,

 - «TS» караоке бары – 2 рет. 

Жалпы өрескел бұзушылар бойынша 7 нысанның ісі әкімшілік сотқа жолданған. Әкімшілік соттың қаулысымен 5 нысанға ӘҚБК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 347 260 теңге айыппұл салынған, оның ішінде 4 нысанның жұмысы уақытша тоқтатылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.