14 ақпан күнгі ауа райы болжамы
Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

14 ақпанда Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аудандарына қаржауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Қазақстанның қалған территориясында жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшейюі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшейюі, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, күндіз – көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі, Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын күтіледі.
Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман, көатайғақ, Атырау облысында күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түркістан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.