Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда жел соғып, тұман түседі

Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
14 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
14 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.