$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.11.2019, 01:17
Жаңалықтар

Шамалғандағы апат орнында жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды

Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 300 миллион теңге бөлінді

Шамалғандағы апат орнында жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды
Фото: tengrinews.kz

Шамалғандағы апат орнында жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды, - деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша көпір өткелін жобалау аяқталып, құрылысы басталды. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 300 миллион теңге бөлінді. Жаяу жүргіншілер көпірі қазіргі автомобиль өткеліне жақын жерде орналасады, өйткені ұзақ жылдар ішінде адамдар дәл осы жерде жүруге үйренген», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ведомство таратқан хабарға қарағанда, байқау қорытындысы бойынша Шамалған өткелінде жаяу жүргіншілер жолын салуға «ДСУ-13» ЖШС кіріскен. Қазір Tensar компаниясының технологиясы бойынша материалдар негізінде топырақты тұрақтандыру және күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, жаңа көпір мүмкіндігі шектеулі адамдар мен балаарбасы бар аналардың қозғалуына мүмкіндік береді, өйткені онда екі жағынан лифт орнатылады екен.

Құрылыс жұмыстарының кестесіне сәйкес, көпір келесі жылдың мамыр айында тапсырылады.

Еске салайық, Шамалған теміржол өткелінде 15 қыркүйекте апат болған еді. Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапты. Сондай-ақ, жансақтау бөліміне әйел мен екі бала түскен.

Серіктес жаңалықтары