Прокурорлар Сириядан оралғандарды ұзақ мерзімге соттауды сұрады
Елордада өткен ашық сот отырысында айыпталушылар кейбір қылмыстармен келіскенмен, өз кінәларын толық мойындаған жоқ
Прокурорлар Сириядан елге қайтарылған 14 азаматты 10-нан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Сотталушыларға Қазақстанда тыйым салынған Ирак және Левант лаңкестік ұйымының құрамында болды деген айып тағылып отыр. Елордада өткен ашық сот отырысында айыпталушылар кейбір қылмыстармен келіскенмен, өз кінәларын толық мойындаған жоқ. Бүгін сот отырысына 13 айыпталушы қатысты. Тағы біреуі денсаулық жағдайына байланысты процеске видеобайланыс арқылы қосылды.
Еске салайық, «Жусан» операциясы аясында елге қайтарылған 14 Қазақстан азаматына қатысты ашық сот отырысы 22 қазанда басталды.