Қалың тұман: Алматы қаласы мен төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

Республиканың кей аумағында көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал

 

Қалың тұман: Алматы қаласы мен төрт облыста дауылды ескерту жарияланды
Фото: gismeteo.kz

Елімізде ауа райының бұзылуына және қалың тұман түсуіне байланысты синоптиктер Алматы қаласында және төрт өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 13 ақпанда қар көшкіні қаупі сақталады.

«Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болуы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қызылорда қаласында 13 ақпанда тұман болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.Орал қаласында 13 ақпанда тұман, көктайғақ болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.