$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.02.2021, 17:40
Жаңалықтар

Коронавирус вакцинасына қарсы қозғалыстардың артында демеушілер тұр - ДСМ

ДСМ өкілі мұндай жағдайға Қазақстан да тап болғанын айтты

Коронавирус вакцинасына қарсы қозғалыстардың артында демеушілер тұр - ДСМ
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Дүниежүзі бойынша коронавирус вакцинасына қарсы қозғалыстардың демеушісі бар. Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының дәрігері, эпидемиолог Лена Қасабекова ОКҚ-да өткен брифингте дәл осындай мәлімдеме жасады.

Онлайн-брифинг барысында тілшілердің бірі маманнан вакцинаға қарсылық білдіріп жүргендер кімнің мүддесін қорғап жүр деген сауал жолдады.

«Қазір коронавирус вакцинасына қарсы қозғалыс үдеп келе жатқаны ешкімге құпия емес. Әлем бойынша мұндай қозғалыстардың артында демеушілер тұр. Қазір дүниежүзі бойынша профилактикалық вакцинадан бас тартқандар саны артып жатыр. Себебі әртүрлі. Жаппай вакцинация немесе қосымша иммунизация шарасы басталғанда мұндай қозғалыстардың белсенділігі артады. Біз де мұндай жағдайларға тап болдық. БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы халыққа вакцина пайдасын түсіндіруге тырысып жатырмыз», - деді Лена Қасабекова.

Қазақстанда 1 ақпанда коронавинрусқа қарсы жаппай вакцинация басталды.

Серіктес жаңалықтары