Полицейлер апаттың себебін тергеу барысында анықтайды
Ақтөбе - Атырау – Астрахань тас жолында екі көлік бір-біріне соғылып қалды. Оқиға салдарынан он екі адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Медициналық тексеру нәтижесінде зардап шеккен екі азамат ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Жол апаты 28 қарашада түнгі сағат 23:30 шамасында Ақтөбе - Атырау – Астрахань тас жолының 743-ші километрінде болды.
«Исатай ауданы Манаш ауылы маңында Toyota Ipsum маркалы екі көлік бір-бірімен бетпе-бет соғылды. Апаттан кейін Аққыстау аудандық ауруханасына он екі адам келіп, көмек сұрады. Медициналық тексеруден кейін он адам үйіне жіберілді», - деп хабарлады «ҚазАвтожол» АҚ баспасөз қызметі.
Ауруханада екі адам қалды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың бірі ауыр халде жатыр.
Полицейлер апаттың себебін тергеу барысында анықтайды. Оқиға жүргізушілердің жөнделіп жатқан жол учаскесін көрмей қалуынан болуы мүмкін.
Дегенмен «ҚазАвтожол» жолдың жөндеуден өтіп жатқаны туралы ескертетін барлық қажетті белгілер орнатылды дейді.
Қазгидромет 12 желтоқсанға ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланғанын хабарлады
Бұл ұсынысты облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдадюды
Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды
Ол 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды
Ғимарат иесі бірнеше соттың шешімімен хабардар болды, бірақ сот шешімін орындамаған