ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстан 5 елмен арадағы тұрақты рейстер санын қайта көбейтті

Рейстердің бәрі санитарлық талапқа сай орындалады

көрнекі фото

Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 9 ақпандағы шешіміне сәйкес келесі елдермен тұрақты халықаралық жолаушылар рейстерін ұлғайтуға, жаңғыртуға рұқсат етілді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан мен Ресей арасындағы апталық рейстер саны 3-тен 7-ге дейін көбейді:

  • Нұр-Сұлтан - Мәскеу, әр тараптан аптасына 2-ден 4 рейске дейін;
  • Алматы - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1-ден 4 рейске дейін;
  • Шымкент - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1 рейстен қайта бастау;
  • Ақтау - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1 рейстен қайта бастау.

Мальдив республикасы мен Қазақстан арасында қатынайтын жолаушылар рейсінің саны 4-тен 7-ге дейін ұлғайды:

  • Алматы - Мале, қазақстандық әуе компаниялар үшін аптасына 4-тен 7 рейске дейін;

Қырғызстан мен Қазақстан арасында қатынайтын рейстер саны 2-ден 3-ке дейін ұлғайтылды:

  • Алматы - Бішкек, аптасына 2-ден 3 рейске дейін;

Өзбекстан мен Қазақстан арасында қатынайтын рейстер саны 3-тен 4-ке дейін ұлғайтылды:

  • Нұр-Сұлтан - Ташкент, әр тараптан аптасына 1-ден 2 рейске дейін;

Украина мен Қазақстан арасында қатынайтын рейстер саны 1-ден 2-ге дейін ұлғайтылды:

  • Нұр-Сұлтан - Киев, аптасына 1 рейсті қайта бастау.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.