11.02.2021, 17:13
Жаңалықтар
Жоғарғы сот судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды
Қаражат аудандық сот судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдем көрсеткені үшін берілген
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі бір уақыт ішінде бірлескен іс-шаралар жүргізді.
Нәтижесінде, 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемдегі ақшаны алу кезінде Жоғарғы сот судьясы ұсталды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қаражат оның Жоғары сот кеңесінде жұмыс істеген кезінде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдем көрсеткені үшін берілген. Осы уақытта Түркістан қаласында ақшаны беріп жіберген аудандық соттың судьясы ұсталды», - делінген хабарламада.
Тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды