Қызылорда облысында жұма намазын мешітте оқуға рұқсат берілді

Алайда мешітке жиналғандар саны 150 адамнан аспауы тиіс

Қызылорда облысында жұма намазын мешітте оқуға рұқсат берілді

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік саниатриялық дәрігерінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №2 Қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, жекелеген нысандардағы карантин талаптары жеңілдетілді.

«Адам саны 150 адамнан, толымдылығы 25%-тен аспайтын мешіттерде, ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат берілді», - делінген облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенованың жаңа қаулысында.

Сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық дәстүрлі форматта оқитын мектептер, 1-ден 5-ші сыныпты қоса алғанда, оқу бітіретін 9, 11 (12) сыныптардағы оқушылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының І курс студенттері үшін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етілді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыздар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.