$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.02.2021, 10:41
Жаңалықтар

Кеденде тексеруді күшейту бюджетке 25 миллиард доллар әкелді

Қашықтықтан бақылаудың жаңа әдістері оң нәтиже беруде

Кеденде тексеруді күшейту бюджетке 25 миллиард доллар әкелді
Фото: ашық дерек көздерден

Кедендік бақылаудағы тексеруді қатаңдату бюджетке 25 миллиард теңге әкелді. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Соңғы жылдары салықтық-кедендік әкімшілендіруде оң динамика байқалуда. 2020 жылы Мемлекеттік кіріс органдары 11,4 мың салықтық тексеру жүргізді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 58 пайызға аз. Бұл ретте нәтижелілік 29 пайызға артты», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Министр қашықтықтан бақылаудың жаңа әдістері енгізілгенін айтты.

«Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыру мақсатында тиісті ережелерге өзгерістер енгізілді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2,5 мың өтініш қаралып, 7,4 миллиард теңге сомасында түсімдер қамтамасыз етілді. Тауарлық емес мәмілелер мен қолма-қол ақшаны алу схемаларына қатысатын қауіпті компанияларды онлайн-анықтау мүмкін болды.

Айналым сомасы 2 триллион теңге болатын осындай 5 мың компанияның қызметі анықталды және шектелді. Бұл Қазақстан аумағында қолма-қол ақшаны алудың қысқаруына ықпал етті», - деді министр.

Қаржы министрлігінің деректері бойынша, «Қазынашылық сүйемелдеу» жобасына қатысушылар бойынша төленген салық көлемі 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 24 пайызға өсіп, 202 миллиард теңгені құрады.

«Өткен жылы ҚХР экспорты - ҚР импорты бағыты бойынша статистикалық деректердегі айырмашылықтар 45 пайызға дейін төмендеді. Кедендік тексерулердің тиімділігі 51 пайызға дейін артты, бұл қосымша 25 миллиард теңгені қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Әкімшілендіру процестерін автоматтандыру және адами факторды болдырмау мақсатында «Экспорттық бақылау» модулі іске қосылды және навигациялық пломбаларды пайдалану басталды. Қазірдің өзінде айтарлықтай нәтижелер бар», - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, ЕАЭО елдерінен ҚҚС (НДС) 2019 жылға қарай 12,2 миллиард теңгеге өсті және барлық үшінші елдерден келетін импорттан түскен ақшадан алғаш рет 34 миллиард теңгеге асып түсті.

Серіктес жаңалықтары