ШұғылҚазақстанда тағы 658 адамнан коронавирус анықталды

9 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Сейсенбі күні бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Фото: ашық дереккөзден

9 ақпан, яғни сейсенбі күні республиканың бірқатар аумағында қар аралас жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгдромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын болып, желдің екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Ал Шығыс Қазақстан облысының жолдарында көктайғақ болуы ықтимал.

Сондай-ақ Қостанай, Қарағанды, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-23 м/с жетіп, бұрқасын болады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Жамбыл облысында желдің екпіні 23-28 м/с артып, жаяу бұрқасын жүреді.

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысында көктайғақ болса, Батыс Қазақстан облысында тұман түсуі мүмкін.