08.02.2021, 11:43
Жаңалықтар
Наурыз айында «Байқоңырдан» 40 шақты Жер серігі ұшырылады
Тізім әлі аяқталмаған
көрнекі фото
Наурызда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ресейлік «Союз – 2» зымыран-тасымалдаушы көмегімен 18 елдің қырыққа жуық шағын Жер серігін орбитаға аттандыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Риа Новости хабарлайды.
«Тізім әлі аяқталған жоқ. Жер серіктерінің дайындығына қарай әлі де нақтылауды қажет етеді. CAS500-1 аппаратымен бірге 18 елдің 40-қа жуық шағын Жер серігі ұшады деп болжануда», - делінген ақпаратта.
Агенттіктің хабарлауынша, Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония, Сауд Арабиясы, БАӘ, Израиль, Тайланд, Канада, Бразилия, Германия, Нидерланды, Италия, Аргентина, Венгрия, Тунис, Ұлыбритания, Испания және Словакия сынды мемлекеттердің Жер серіктері ғарышқа аттанады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды