ШұғылЕлімізде коронавирустан жазылғандар саны 196 мыңнан асты

Еуропа елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Ұлыбританияда 50 жастан асқан азаматтардың бәріне COVID-19-ға қарсы вакцина егілмек

Фото: Alberto Pezzali / AP

Еуропа тұрғындарының арасында COVID-19 вирусына қарсы вакцина қабылдағандар саны артқан сайын, індеттің таралу ауқымы да біртіндеп азайып келеді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Ұлыбританияда COVID-19 жаңа жағдайларының саны күніне 2-5 пайызға азаюды. Англияда R коэффициенті қазіргі уақытта 0,7-0,9 арасында, Лондонда 0,6-0,9 құрады.

«Енді бүкіл Англияда індет азайып жатыр деп сеніммен айтуға болады, дегенмен, үйде болу әлі де маңызды», - делінген елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.

Мамыр айының басында 50 жастан асқан барлық британдықты COVID-19 вирусына қарсы вакцинациялау жоспарлануда.

Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді деген нақты болжам айтылуда. Шара алдыңғыларынан мүлдем өзгеше болатыны белгілі болды.

Көрермендер, спортшылар мен делегациялардың жүріс-тұрыс ережелерінің толық жиынтығы сәуір айында жарияланады. Бірақ стадиондар мен іс-шаралар өткізу кезінде әндер мен айқайларға тыйым салынатыны белгілі болды.

Сондай-ақ, Италия билігі наурыз айының соңына дейін жеті миллион азаматты вакцинациялауға уәде берді. Пандемияның екінші толқыны кезінде болған қатаң шектеулерден кейін елдің 20 аймағының 15-інде барлар мен мейрамханалар ашылды: келушілерге ғимараттар ішінде кофе, террассада түскі ас ішуге рұқсат етілді. Италияның негізгі мұражайлары келушілерді қарсы алуда.

«Еуропа халықты коронавирусқа қарсы егу науқанын тездетуі керек. Сонымен қатар, фармацевтикалық фирмалар өндірістік қуаттылықтарын күрт арттырулары керек» деп атап өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа штамдарына қарсы белгілі вакциналардың тиімділігіне қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр.